Кішкентай көрермендерге жақсы таныс «Мұзды өлке» анимациялық фильмінің екінші бөлімінің алдын ала көрсетілімі болды. «Мұзды өлке-2» фильмі бүгіннен бастап екі тілде көрсетіледі. Сыншылардың айтуынша, екінші фильм терең мағыналы, сюжеті ерекше. Екі батыл қыздың өмірін бейнелейтін фильм - «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалған 33-ші туынды. Мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне бейімдеу кезінде аудармашылар қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларынан дәйексөздер пайдаланған. Абай Құнанбаевтың «Күз» және «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл» өлеңдерінен үзінділер қолданылды.
Ақерке Берікбекқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Мұзды өлке-2» қазақ тілінде прокатқа шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119637/)