![Шымкентте оқушы сабаққа тапанша алып келген](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/11/29/1575000511508.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Жасөспірім» рейдтік іс-шарасы барысында 9-сынып оқушысының сөмкесінен травматикалық тапанша табылды.
«25-30 қараша аралығында «Жасөспірім» рейдтік іс-шара өткізіледі. Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. 25 қараша күні рейд барысында мектеп аумағын тексеру кезінде оқушының сөмкесінен қару табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде»,- деді Әл-Фараби ПБ ювеналды полиция бастығының міндетін атқарушы Батырхан Әлиев.
Мектеп оқушысы Әл-Фараби полиция бөлімшесіне жеткізіліп, баланың ата-анасы шақырылды. Жасөспірім қаруды сыныптасынан алғанын, тапаншаны мектепке оны қайтару үшін алып келгенін айтты.
elitar.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте оқушы сабаққа тапанша алып келген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119694/)