Бүгін Үкіметте Өңірлерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасы таныстырылды. Соған сәйкес, алдағы 5 жылда үш жарым мыңға жуық ауылды жаңғырту жоспарланған. Бірінші кезекте әлеуметтік инфрақұрылымға мән беріледі. Яғни, сапалы ауыз су, жарық, жылу, жол желілері, мектептер, ауруханалар салынады. Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасына 1,3 трлн теңге бөлінеді. Соның басым бөлігі, яғни, 900 млрд теңгесі ауылдағы ағайынды жарылқауға жұмсалмақ. Премьер-министр Асқар Мамин бағдарламаның жобасын мақұлдауды ұсынды.
Ербол МӘНДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өңірлерді дамытуға арналған бағдарламаның жобасы таныстырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119802/)