Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары енді оларды дәрігерлік тексеруден өткізу, оқыту, оңалту секілді қызметтер үшін бір ғана өтінім береді. Осы уақытқа дейін 6 қызметке 6 бума құжат әзірленетін. Енді ілеспе қызметтер кешенді түрде ұсынылады. Бұл жаңа жүйе халыққа қызмет көрсету орталықтарында сынақтан өтті. Мемлекеттік қызметтің 55 түрі біріктіріліп, 21 композиттік қызмет енгізілмек. Сондай-ақ, мемлекет азаматтың өтінім беруін күтпей-ақ кей қызметтерді өзі ұсынады. Мысалы, өмірге бала келгенде оның туғанын есепке алу, жәрдемақы тағайындау, тұрғылықты мекен жайына тіркеу және балабақша кезегіне қою бір мезетте жүзеге асырылады.
Акерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеруден өткізу жеңілдейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119803/)