Түркістанда «Ұлы дала ұрпағы» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтті. Өнер бәйгесіне еліміздің әр түкпірінен 700-ден астам өрен келген.
Балалар 12 аталым бойынша бақ сынасты. Бір ғана биден 30 -ға тарта топ сайысты. Өнер додасын «Атадан мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Бұл — түкпірдегі таланттарды тауып, оларды халықаралық бәйгелерге қосып жүрген іргелі ұйым. Мәселен, өткен жылдары 56 өнерлі өренді Франциядағы байқауға алып барған. Ал биыл супер финал Алматы қаласында өтеді. Бас жүлде 2 автокөлік. Бірі – жеңімпаздың ата-анасына, екіншісі – ұстазына беріледі. Түркістандағы жарыста 20 бала сол финалға жолдама ұтып алды.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ұлы дала ұрпағы» атты балалар байқауы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119833/)