![Текелі мен Талдықорған қалаларында жер сілкінісі сезілді](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/12/4/1575428953634.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы облысында 3-4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ хабарлады.
Жер дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 303 шақырым жерде орналасқан. Зілзала 4 қарашада сағат 01:38-де тіркелді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1. Магнитудасы - MPV 5.2. Тереңдігі - 15 шақырым.
Зілзала Қапал ауылында (4 балл), Жансүгіров ауылында, Текелі (3 балл) мен Талдықорған (3 балл) қалаларында сезілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Текелі мен Талдықорған қалаларында жер сілкінісі сезілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119838/)