Алматыда «Туған жер» республикалық патриоттық байқауы аяқталды.
Шараға 6 бағыт бойынша елдің әр аймағынан 14 пен 29 жас аралығындағы 1000-ға тарта қатысушы өтініш білдірген. Сонымен бірге, тек үздік мақала номинациясына 300-ден астам шығарма келіп түскен. Қазылар алқасының шешімімен солардың арасынан 18-і іріктеліп, жеңімпаз атанды. «Осындай игі жоба арқылы балалардың ой қабілеті шыңдалып, дамиды», дейді ұйымдастырушылар.
Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Туған жер» республикалық патриоттық байқауы аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119920/)