Бүгін XIX қысқы сурдлимпиадалық ойындарда намысымызды қорғайтын спортшыларға еліміздің туы салтанатты түрде табысталды.
Әлемдік жарыстарда көк туымызды бірнеше мәрте желбіреткен олимпиада чемпионы Серік Сәпиев спортшыларға сәттілік тіледі. 12-21 желтоқсан аралығында Италияның Вальтеллина және Валькиавенна қалаларында өтетін жарыста Қазақстан атынан 39 адам барады. Олар шайбалы хоккей, сноуборд, шаңғымен жүгіру, тау шаңғысы, керлинг және шахмат сияқты 6 сайыс бойынша бақ сынайды. Ал, 4 жыл бұрын Ресейде өткен байрақты бәсекеде құрамамыз спорттың екі түрінен ғана сынға түскен еді. Сондықтан бұл жолы жүлдеден үміт мол,- дейді бапкерлер.
Аманкелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің туы қысқы сурдлимпиадалық ойын салтанатты түрде табысталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119984/)