![«Алтын Гефест» байқауында үздік металлургтер марапатталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_834.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жыл сайын өткізілетін кеншілер мен металлургтер байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұл жолы 14 түрлі аталым иегерлері марапатталып, арнайы сый табысталды. Байқауға 50-ге жуық отандық компанияның мамандары қатысқан.
Металлургтер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған шара осымен 7-ші рет өткізілуде. Жеңімпаздардың ішінде тек жұмысшылар ғана емес, ғылыми жоба жазған авторлар да бар. Ұйымдастырушылар осындай конкурс арқылы олардың еңбектеріне серпін беруді көздейді.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алтын Гефест» байқауында үздік металлургтер марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12/)