10 сағаттан кейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті басталады.
«Арнау» атты шығармашылық кеш АҚШ-тағы атақты Barclays Center аренасында өтеді. Әзірге концерттің қалай болатынын ұйымдастырушылар барынша құпия ұстауда. Өйткені әлемнің 51 елінен келген жанкүйерлерге ерекше шоу ұсынылмақ. Ал бүгін дүниежүзінен Димаш үшін АҚШ-қа жиналған жанкүйерлер бір-бірімен кездесті. Танысып, кеш барысында Димашты сүйемелдеп тұратын музыкалық команданың өнерін тамашалады. Айта кетейік, Димаш концертте 4 тілде ән шырқайды. Кешке сұраныстың көп болуына байланысты 7 мың орындық аренаға тағы да екі мың орын қосылған.
Жайнагүл Төлеміс
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Димаштың Нью-Йорктегі жеке концертіне санаулы сағаттар қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120125/)