![Тағы 5 университеттің лицензиясы тоқтатылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/12/11/1576036868360.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда тағы 5 ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Қазір ЖОО-ларды қосымша тексеріп жатырмыз. Жақында ғана тағы 5 университеттің лицензиясын тоқтаттық», - деді ол.
Министрдің айтуынша, заң бойынша олар бұл шешімге 10 күннің ішінде шағым түсіре алады.
Әзірге олардың қай университеттер екені белгісіз. Алайда тексеріс кезінде ЖОО-лардан бірнеше құқықбұзушылық анықталған.
«Көптеген фактілерді анықтадық. Университетке 5 студент қабылданғанымен, оқу соңында 150 маман бітіріп шығады. 2-3 курстарда басқа университеттерден шығып қалған студенттерді қабылдайды екен, яғни ҰБТ сертификатынсыз. Президент тапсырмасына сәйкес біз ЖОО-ларға талаптарды күшейттік. Енді жоғары білім саласындағы олқылықтарды ретке келтіру үшін қосымша тетіктер енгізіледі», - деді Асхат Аймағамбетов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тағы 5 университеттің лицензиясы тоқтатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120129/)