Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласындағы импорттың көлемі биыл 600 миллион доллардан асқан. Яғни, сырттан келетін тауардың құны отандық өнімнен 3-4 есеге көп.
Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өткен жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезінде айтылды. Мамандар алдағы 2 жылда импортты 2 есе азайтып, оның орнын «Қазақстанда жасалған» тауарлармен толтыру жоспарланып отыр,-дейді. Ол үшін арнайы бағдарлама жасалып, барлық мемлекеттік тапсырыс отандық кәсіпкерлерге берілмек. Яғни, елдегі ірі компаниялардың жабдықтарын, сондай-ақ, пойыздағы төсек орындарын, мектеп формалары мен дәрігерлердің халаттарын, әскери киімдерді тек қазақстандық компаниялар тігуі қажет. Бірақ, осы саладағы кәсіпкерлер шикізаттың жоқтығы қолға тұсау екенін айтады. Сондай-ақ, білікті маман жетіспейді. Сондықтан жиын барысында өнеркәсіп өкілдері мен жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Импорттың көлемі 600 миллион доллардан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120149/)