![Роза Рымбаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/12/12/1576117656586.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Роза Рымбаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Рымбаева Роза Қуанышқызы - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы.
2. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 29 қараша
№ 207
akorda.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Роза Рымбаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120191/)