Алдағы жыл волонтер жылы аталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы жыл волонтер жылы аталмақ

12.12.2019

Ел жастарын жаппай қолдау үшін бірыңғай кешенді бағдарлама қабылдау туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы - дер кезінде көтерілген өзекті мәселе. Бұл өз кезегінде кейінгі толқынға арналған маңызды жобаларды кеңінен насихаттауға және нәтижелі жүзеге асыруға жол ашады,-дейді белсенді жастар. Ал шәкіртақының өсуі студенттер, магистранттар мен докторанттарды қуантып, қанаттандыра түсті. Сондай-ақ, алдағы жылдың волонтерлерге арналуы белсенді жастардың қоғамдағы рөлін айқындай түсті. Бүгін кеншілер шаһарында түрлі салада жетістікке жеткен және тағдыр тауқыметіне мойымай биіктерді бағындырған жігерлі жандар жергілікті жастармен кездесіп, өз пікірлерін ортаға салды. «Ойтолғау» деп аталатын рухани шарада алға мақсат қоя білу, оған жету жолында мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауды мейлінше пайдалану тетіктері талқыланды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу