![Жаңа Зеландияда жанартау атқылауы кезінде 6 адам қаза тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/12/13/1576217164148.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жаңа Зеландия полициясының баспасөз қызметі Уайт-Айленд аралында болған жанартау атқылауынан алты адам қаза тапты деп мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта алты адамның денесі Wellington күзет кемесіне жеткізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Бүгінде Жаңа Зеландия зардап шеккендер саны 17-ге жетті, оның 13-і ауыр жағдайда. Сонымен қатар, 11 адам Аустралияға жеткізілген.
Айта кетейік, жанартау атқылаған кезде маңында шамамен 100 адам болған. Жанартау жергілікті уақыт бойынша сағат 14:15-те оянған. Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық агенттік қазіргі уақытта жанартау қаупінің дәрежесін анықтап жатыр.
aif.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңа Зеландияда жанартау атқылауы кезінде 6 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120253/)