![Қазақстанда ет пен нан қымбаттауы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/12/13/1576219693699.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев нан мен ет қымбаттауы мүмкін екенін айтты.
«Осы жылдың қараша айынан бастап инфляция деңгейі төмендеп, 5,4%-ды құрады. Азық-түлік өнімдері 9,7%-ға қымбаттады. Нан түрлері мен 15,5%-ға, ет және ет өнімдері 13,4 %-ға, балық және теңіз өнімдері 12,2 %-ға өсті» деді Ерболат Досаев отырыста.
Ақылы қызметтер құны өсімі 0,6%-ды құрайды.
«Алдағы уақытта нан өнімдері астықтың қымбаттауына байланысты өсуі мүмкін. Сондай-ақ, сүт өнімдерінің Еуразиялық Экономикалық Одақтың жаңа шарттарына сәйкес қымбаттауы күтіледі» деді Досаев.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда ет пен нан қымбаттауы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120259/)