1 қаңтардан бастап Көкшетауда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Тұтынушыларға энергия жеткізуші «Көкшетау энерго центр» серіктестігі табиғи монополияларды реттеу департаментіне тиісті жобаны жолдаған. Оған сай баға 5 жарым пайызға жоғарыламақ. Тарифты өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау өткізілді. Жиналғандар баға өсуінің себептерін талқылады. Қазір Көкшетауда жеке тұлғалар киловатына 15,61 теңге, ал заңды тұлғалар 21,44 теңге төлейді.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120361/)