Алматыда
қазақ мәдениетінің дамуына сүбелі үлес
қосып жүрген өнер адамдары марапатталды.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметте еңбек етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне атсалысқандарға мемлекеттік наградаларды Мәдениет және спорт министрі табыс етті. Мәдениет майталмандарының қатарында Халық әртісі Бибігүл Төлегенова бар. Бұлбұл әнші 1-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, бірнеше азаматтың еңбегі еленіп, құрмет көрсетілді.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өнер адамдары марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120406/)