Өткен сәрсенбіде басталған «Эльза» мен апта соңындағы «Фабиан» циклонынан бірнеше елді тасқын жайлап жатыр. Табиғи апат салдарынан Испанияда 8 адам қаза тапты. Нөсер жауыннан жергілікті өзендер арнасынан тасып, үйлер су астында қалған. Ал, желдің жылдамдығы сағатына 170 шақырымға дейін жетіп отыр.
Сонымен қатар, Италияда 3 адам, Португалияда 2 адам құрбан болды. Орталық Португалияның апатты аймақтарынан 250-ден астам адам эвакуацияланып, мыңдаған тұрғын электр жарығынсыз қалған.
«Фабианнан» Францияның оңтүстік-батысы да зардап шегіп отыр. Оның бірқатар елді мекендерінде жолдарды су шайып, жергілікті порттар мен әуежай қызметі доғарылды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропаға бір апта ішінде екі алапат дауыл соққы берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120560/)