Байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты стратегиялық маңызды мақалаларды негізге ала отырып ұйымдастырылған. Әуесқойлар сайысына отыздан астам өтініш тапсырылып, іріктеуден кейін 9 адам жүлдеге ие болды. Байқау мектеп оқушылары, кәсіптік білім беру мекемелері студенттері және музей қызметкерлері арасында өткізілді. Қатысушылардың жұмысы 15-тен 30 жасқа дейін екі топқа бөлініп сараланды. Бейнероликтердің ұзақтығы 3-5 минутты құрайды. Жеңімпаздардың бірі - Қуаныш Тыныбекұлы. Ол өз жұмысын Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына арнаған.Түсірілім жұмысы бір жарым ай жүрген. Өйткені туынды қысқа болғанымен тарихты зерделеуді, шығармашылық ізденісті қажет етеді,-дейді автор.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда үздік бейнеблог авторлары анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120563/)