![2020 жылғы демалыс күндерінің уақыты өзгерді](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/12/24/1577166448817.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Демалыс күндері: - 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға; - 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; - 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», - делінген қаулы мәтінінде.
Қаулыға сәйкес, қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда демалып, 5 қаңтар күні жұмысқа шығатын болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2020 жылғы демалыс күндерінің уақыты өзгерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120601/)