Абайдың 175 жылдығына орай ғұламаның қара сөздері нидерланд тілінде жарық көрмек. Еліміздің Нидерландтағы елшілігі мен Мұхтар Әуезовтің немересі Зифа-Алуа Әуезова құнды еңбекті жарыққа шығаруға қызу кірісті. Зифа Мұратқызы-Еуропада тұрса да елінің мәдени мұрасын түгендеп, қазақ білімі мен ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүр. Айтуынша, ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін прозалық шығармасы-Еуропалықтардың үлкен сұранысына ие. Сондықтан, құнды еңбектің нидерланд тіліне шебер аударылуын шығыстанушы ғалым өзі жеке қадағалап отыр.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абайдың қара сөздері нидерланд тілінде жарық көреді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120690/)