Биылғы жылдың 11 айында Алматы облысына 520 млрд теңгеден астам қаржы тартылды. Оның 20 пайызы - шетелдік инвестиция. Облыс аумағында трансұлттық компаниялардың қатысуымен 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Ірілі-ұсақты 25 кәсіпорын іске қосылып, мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды. Аграрлық саладан индустриялық бағытқа бет бұрған Жетісу өңірінің өнеркәсіптік әлеуетін тілшіміз Қуаныш Қанатұлы шолып көрді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетісу өңірінің өндірістік әлеуеті артып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120703/)