Шымкент қаласында спирттік ішімдіктерді дайындаумен заңсыз айналысқан жасырын цехтың жұмысы әшкере болды. Жымысқы әрекет құзырлы орган өкілдері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында анықталды. Цехтың ішін тексеру кезінде арақ-шарап құйылған 25 мың 300 шөлмек пен 15 тонна спирт табылған. Сондай-ақ, 1 миллионнан астам марка мен шөлмектердің аузын жабуға арналған құрал-жабдықтар, қораптар мен 100 мың дана қаңылтыр қақпақ тәркіленген. Экономикалық тергеу департаменті тексеру кезінде көлеңкелі бизнесті ұйымдастырған топтың мүшелері анықталды. Олардан 2 миллион теңге ақша айғақты зат ретінде алынған. Мамандар ұсталған азаматтардың бұл кәсіппен қай уақыттан бері айналысып келе жатқанын және қолдан жасалған ішімдіктерді қайда өткізіп отырғанын анықтауға кірісті.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Спирттік ішімдіктер дайындайтын цех әшкере болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120749/)