Қайғылы жағдайға байланысты Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те, туиттердегі парақшасында апаттан қаза болған азамматтардың туған-туыстарына көңіл айтты. Онда «Бүгін Алматыдан Нұр-сұлтанға ұшқан жолаушылар ұшағы апатында қаза тапқан жандардың отбасылары мен туыс-туғандарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Бүкіл еліміздің сіздермен бірге қабырғасы қайысып отыр. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін» делінген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бауыржан Байбек апаттан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120793/)