Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Bek Air әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Ресей халқы ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарының қайғыларына ортақтасады. Қайғылы апаттан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді», – делінген жеделхатта.
Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков те Қазақстан Президенті мен Қазақстан халқына апатқа байланысты көңіл айтты.
«Алматы-Нұр-Сұлтан әуе рейсі апаты салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қырғыз халқы мен өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілтестік білдіреміз»,- делінген көңіл айту жеделхатында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресей және Қырғызстан Президенттері әуе апатына байланысты көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120805/)