Апат салдарынан зардап шеккен науқастардың жағдайы әзірге бірқалыпты. Олардың сегізі ауыр халде жатыр. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Нәдіров айтқан еді. Бұған дейін Алматы ауруханаларына 70-ке жуық науқас жеткізілген болатын. Жарақат алғандардың 9-ы – бала. Оның екеуіне операция жасалған. Ал қазір Алматыдан тілші Нұрхан Нұрланұлы тікелей қосылымға шығып, науқастардың жағдайы жайында ақпарат беруге дайын.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Науқастардың жағдайы әзірге бірқалыпты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120847/)