Әуе апатынан зардап шеккен жақындарына дереу бармақ болғандарға ұшақтағы өз орындарын беріп жатқан азаматтар да бар. Бұл туралы «Air Astana» әуекомпаниясының өкілдері айтты. Олардың сөзінше, мұндай жағдай Нұр-Сұлтан әуежайында болған. Соның арқасында Алматыға шұғыл жетуге тырысқан 6 адамға орын табылған. Ал, жалпы бір тәуліктің ішінде зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақын туысы болып келетін 33 азамат Нұр-Сұлтаннан Алматыға жеткізілген. Олардың көбі ұшақтағы бос орындарға және қосымша ашылған рейстерге мінгізілген.
Аманкелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зардап шеккен жақындарына бармақ болғандарға ұшақтағы орындарын беріп жатқан азаматтар бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120885/)