![10 қаңтарға дейін қара жәшік туралы мәліметтер жарияланатын болады](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/12/30/1577683413700.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр қара жәшікте жазылып қалған ақпараттар қашан жарияланатынын мәлімдеді.
«Ол қатты бүлінбеген. Сондықтан ондағы жазбалардың мән-жайын тарқатуда мәселе туындамайтындығына үміт артамыз. Мемлекетаралық авиация комитетіндегілер мереке күндері де жұмыс істеп, тарқатылған мән-жайды бізге табыстауға уәде беріп отыр. Бұған дейін айтқанымыздай, 10 қаңтарға дейін тексерудің алдын ала нәтижесін беретін боламыз», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=10 қаңтарға дейін қара жәшік туралы мәліметтер жарияланатын болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120925/)