Испанияның теңіз сақшылары Атлант мұхитында 52 мигрантты құтқарды. Олардың барлығы – африкалықтар. Босқындар Гран Канар аралдарына жеткізілді.
Қызыл Крест ұйымының мәлімдеуінше, құтқарылғандар – ер адамдар және жасөспірімдер.
Жыл сайын Африка мен Таяу Шығыс елдерінен бастарын қауіпке тігіп Еуропаға сан мың адам аттанады. Биылдың өзінде Испанияға осы жолмен 24800-ге жуық заңсыз мигрант барған. Олардың көпшілігі «Қарт құрлықты» бетке ұстап, қайықпен жолға шығып, өз өмірлеріне қатер төндіреді.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теңіз сақшылары Атлант мұхитында 52 мигрантты құтқарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120944/)