Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылды қорытындылап, ел бірлігі мен ұлтаралық татулықты нығайтуға үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Бүгінде Жетісу өңірінде 100-ден астам этнос өкілі береке-бірлікте тұрып жатыр. 70-тен аса этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Бәрінің тілегі бір. Тілі мен ділін дәріптеп, мәдениеті мен салт-дәстүрін ұрпақ бойына сіңіріп, елдегі тұрақтылықты сақтауға ат салысуда. Осы бағытта еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі, «Жомарт жан» төсбелгісі және басқа да құрмет грамтолар мен алғыс хаттарға ие болды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлтаралық татулықты нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120948/)