Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Екі елдің көшбасшылары бір-біріне ілтипат білдіріп, жаңа жылдық құттықтауларын жеткізді. Тараптар барлық саладағы екіжақты қатынастардың оң қарқынын атап өтіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгін Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинянмен де телефон арқылы тілдесті. Олар Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты екіжақты және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы форматта одан әрі тереңдетудің жай-жапсарын талқыға салды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120970/)