Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, екі ел арасындағы байланыс дәстүрлі тату көршілік және ынтымақтастық рухында одан әрі дами беретініне сенім білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан тарапы бастама танытқан.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев өзбек елінің басшысы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар қос елдің байланысы қарқынды түрде дамып келе жатқандығын атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Қырғызстан мен Өзбекстан Президенттерімен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120971/)