![Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/2/1577955891381.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
3 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауады, бұрқасын, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
3 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. 3 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
3 қаңтарда Ақмола облысында түнде басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетау қаласында 3 қаңтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/120990/)