![Зарина Дияс халықаралық жарыста топ жарды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/5/1578204718644.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс теннистен ITF сериясында топ жарды. Шешуші кездесуде әлемдік рейтингте 72-орында тұрған Чжу Линьмен күш сынасты. Отандасымыз екі сетта да қарсыласынан басым түсіп, аталмыш турнирдің жеңімпазы атанды.
Жерлесіміз үлкен спорттағы 10-шы титулына қол жеткізді. Енді Зарина Дияс теннистен "Shenzhen Open" ашық турниріне қатысады.
Жерлесіміздің бұл жарыстағы алғашқы қарсыласы қытайлық Инъин Дуань болмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зарина Дияс халықаралық жарыста топ жарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121009/)