![Мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысы уақытша тоқтатылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/6/1578284278817.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
6 қаңтарда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы.
«ІІМ жаңа ақпараттық жүйесінде анықталған ақаулықтарға байланысты 6 қаңтарда Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. ХҚО-лардың қашан жұмысын бастайтындығы қосымша хабарланады», - делінген корпорацияның желідегі ресми парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін 4 қаңтар күні Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеген еді. «Азаматтарға арналған үкіметтің» Мамандандырылған ХҚО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысы уақытша тоқтатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121032/)