![Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/7/1578371901809.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қымбатты қазақстандықтар!
Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады.
Конфессияаралық келісім – мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.
Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосуда. Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз.
Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін!
Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!
Akorda.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121089/)