![Майк Помпео: АҚШ Сулейменидің шабуылы туралы мән-жайды білмеді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/10/1578631779939.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео америкалық арнайы қызметтердің ирандық генерал Касем Сулейманидің АҚШ-қа ықтимал шабуылы туралы ақпараты болмағанын мойындады.
«Қасем Сулеймани жоспарлаған шабуылдардың толық сериясы болатынына ешқандай күмән жоқ. Біз дәл қашан және нақты қайда екенін білмейміз», - деді ол.
3 қаңтарда АҚШ-тың әскери күштері Иракта арнайы операция жүргізіп, Иран генералының көзін жойды. Президент Дональд Трамп Сулейманидің америкалық елшіліктердің бірінде жарылыс жасауды жоспарлағанын мәлімдеген, бірақ нақты мән-жайды айтпаған.
Оған жауап ретінде Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын зымыранмен атқылады. Бұл оқиғадан кейін Трамп Иранға қарсы әскери күшін жұмылдырмайтынын, керісінше жаңа санкциялар арқылы жазалайтынын мәлімдеді.
ria.ru Фото:© AP Photo
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Майк Помпео: АҚШ Сулейменидің шабуылы туралы мән-жайды білмеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121211/)