![Канада премьері: Украиналық лайнерді Иранның зымыраны атып түсірген](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/10/1578636691934.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Boeing ұшағының құлауына Иранды кінәлады. «Ұшақты Иран зымыраны атып түсіргенін дәлелдейтін айғақтар бар. Бұл абайсызда болуы мүмкін», - деп мәлімдеді ол.
Әуе апатынан 63 Канада азаматы мерт болды. Осы орайда премьер Трюдо ұшақ апатын мұқият зерттеуге шақырды.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да осындай пікірде.
«Лайнерді «жер-ауа» класына жататын зымыранмен атқаны туралы ақпараттар бар. Бұл байқаусызда болған жағдай», - деді ол.
Айта кетейік, 8 қаңтарда Украина әуе компаниясының PS 752 рейсі апатқа ұшырады. Бортындағы 176 адам түгел қайтыс болды.
bbc.com Фото: REUTERS
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Канада премьері: Украиналық лайнерді Иранның зымыраны атып түсірген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121215/)