«Самұрық-Қазына» қоры мен Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры сал ауруына шалдыққан балаларға арналған 8 оңалту орталығы мен инклюзивті білім беретін 16 қосымша кабинет құру туралы меморандумға қол қойды. «Қамқорлық» бағдарламасы сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту, инклюзивті қолдау кабинеттерін материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі әлеуметтік мәселелерді шешуді көздейді. Тұңғыш Президент Қоры 200-ден астам маманды оқытып, біліктіліктерін арттырмақ. Ал жергілікті атқарушы органдар үй-жайларды дайындайды. Жаңа орталықтар мен қолдау кабинеттер ауруханалар мен жалпы білім беретін мектептер базасында ашылады. Қорға қарасты компаниялар соңғы 5 жылда қайырымдылыққа 60 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсап, 1 миллионнан астам адамға көмек көрсеткен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңалту орталығын ашу туралы меморандумға қол қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121220/)