Қызылорда облысы, Қазалы ауданының аумағында Сырдария өзенінің деңгейі көтеріліп, су шабындық жерлерге жайылды.
Дегенмен өзенге жақын орналасқан елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ дейді мамандар. Өйткені, әрбір ауылдың тұсына қосымша қорғаныс бөгеттері салынған. Қазір дария арқылы секундына 500 текше метрге жуық су өтуде. Бұл шекті мөлшерден әлдеқайда төмен.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ