Еуразия ұлттық университетінде президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын зерделеуге арналған шара өтті. Кеш барысында студенттер Шәкәрім, Әлихан Бөкейханов бейнесін сомдап, Абай әндері орындалды. Сондай-ақ, белгілі ғалымдар мақалаға қатысты «Мемлекет ісінің мүддесі», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағылымы» тақырыбында ой қозғады. Абайтанушылар жастарға кемеңгер ойшылдың өміріне қатысты ғибратты әңгімелер мен естеліктерді баяндап берді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121324/)