Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі артты. Бұл Статистика комитетінің ақпараты. Биыл қаңтарда алыс-берістің көлемі 1 миллиард 198 миллион теңгеден асты. Бұл 2016-ның қаңтарынан 53,6 пайызға артық.
Жалпы, сомманың 367 миллоны экспорт, 831 миллион доллары импортқа тиесілі. Қазақстан көбінесе минералды өнімдер, металл бұйымдары, химиялық өнеркәсіп, мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарларын шекара сыртына сатты. Ал одақ елдерінен бізе көлік пен оның жабдықтары көп кіргізіліпті.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сауда айналымы артып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12134/)