Астаналық ғалымдар Абай Құнанбайұлының мұрасын талқылады. Достық үйінде Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай «Абай –ақын, ойшыл, аудармашы» атты ғылыми-семинар өтті. Шараны қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақ агротехникалық университеті өткізді. Ғалымдар хакім атамыздың философиясы мен шығармаларындағы парасатты ойларды жан-жақты саралаған баяндама жасады. Ал оларды тыңдаған студент жастар ойшылдың шығармалары мен өмірлік философиясынан ой түйді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астаналық ғалымдар Абайдың мұрасын талқылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121364/)