![АҚШ әскері орналасқан Ирактағы авиабазаға зымыранмен шабуыл жасалды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/15/1579065131630.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бағдаттың солтүстігінде орналасқан Эт-Таджи әскери базасына сейсенбіде шабуыл жасалды. Нақтырақ айтсақ, «Катюша» реактивті снарядтарымен соққы жасалды.
Al Sumaria телеарнасының хабарлауынша, базаға 8 зымыран бағытталған. Олар әскери нысанның маңайында жарылған. Соққы салдарынан қаза тапқандар жоқ. Ирактың 3 әскери қызметкері жарақат алған.
Әзірге шабуылды кім ұйымдастырғаны белгісіз.
dailystar.com.lb
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ әскері орналасқан Ирактағы авиабазаға зымыранмен шабуыл жасалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121434/)