Қарағанды облысы тұрғындарының бірқатар көкейкесті мәселелері Парламент қабырғасында қаралады. Өңірде жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаттары 10 күн ішінде ауыл-аймақты аралап, сайлаушылармен кездесті. Әлеуметтік көмекке қол жеткізу, экоахуалды жақсарту, ауыл шаруашылығындағы кедергілерден арылу, жұмыссыздық, мал ұрлығы сынды бірқатар түйткілдерді депутаттар ел аузынан тыңдады. Сондай-ақ, жаңадан қолданысқа енгізілген заңдар талқыланып, тетіктері түсіндірілді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандының бірқатар көкейкесті мәселелері Парламент қабырғасында қаралады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121447/)