Қайғылы жағдай кеше түстен кейін болды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 24 жастағы жігіт ауыр дене жарақатын алған. Биіктен құлап кеткен ол ес-түссіз күйі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Оған алдын-ала «миы шайқалған» деген диагноз қойылып, жансақтау бөлімінде қажетті медициналық көмек көрсетілді. Алайда, науқас 8 сағаттан кейін қайтыс болды.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда құрылыс басында кран құлап, жұмысшы қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121456/)