![Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақ тоқтатылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/17/1579232859411.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы: 2020 жылдың 17 қаңтарында ауа райының нашарлауына байланысты қала мектептерінде бірінші және екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды»,деп ақпарат таратты. Сондай-ақ Қарағанды мен Сарани қалаларында да 1-ауысымның 0-4-сыныптарындағы сабақтар тоқтатылды. «Қалған сыныптардың оқушыларының мектепке келуі ата-аналардың қалауы бойынша (мектептің қашықтығын ескере отырып)», - деп айтты қалалық Білім басқармасы. Ал Теміртауда бірінші және екінші ауысымның 0-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақ тоқтатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121539/)