Еуропа елдерінің 5 астанасында болған интерактивті павильон Парижге жетті. Елордамызда өтетін халықаралық көрме жайлы еуропалықтар мен халықаралық туристік операторларға толық мәлімет беру үшін «ЭКСПО-Керуен» жобасы іске қосылған болатын. Роуд-шоуды «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен еліміздің Франциядағы елшілігі бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Парижде павильон 4 күн тұрады. Роуд-шоу әрі қарай Лондон, Амстердам, Вена, Прага, Берлин, Варшава, Вильнюс, Хельсинки қалаларына бағытталады. Еуропаның 12 шаһарын аралайтын ЭКСПО керуені көрменің ашылуына екі күн қалғанда Астанаға жетеді.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ЭКСПО-Керуен» жобасы бойынша роуд-шоу Парижге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12154/)