![Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайында қатты боранға байланысты 14 әуе рейстері кейінге қалдырылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/17/1579237329829.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазіргі таңда 9 рейс өзге қалалардан келетін ұшақтардың кешігуіне байланысты кейінге шегеріліп отыр. Олар - «Fly Arystan» компаниясының 2 рейсі (Павлодар, Мәскеу) және «Air Astana» компаниясының 7 рейсі (Алматы – 2 рейс, Қызылорда, Шымкент – 2 рейс, Ақтөбе, Орал).
«Ал әуежайдан ұшып шығуға тиіс 5 рейс, атап айтқанда «Air Astana» компаниясының Алматыға ұшатын 4 рейсі мен «Аэрофлоттың» Мәскеуге қатынайтын бір рейсінің уақыты өзгерген. Күшті желге байланысты (жылдамдығы секундына – 15 метрден асады) қауіпсіздік мақсатында әуе кемелерін мұз қатуға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді», - деп мәлімдеді Жеңіс Ахметжанов.
Қазіргі уақытта Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайында қатты боранға байланысты 14 әуе рейстері кейінге қалдырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/121544/)